Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Ішкі саясат бөлімі

vp1.jpg

Сулейменов Турехан Жакашович

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Туылған күні, айы, жылы:   30.03.1963 ж.

Ұлты:   Қазақ

Білімі:  Жоғары

Мамандығы:   Инженер құрылысшы, заңгер.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

21.04.1982 - 15.06.1982 - №30221 әскери бөлімінің учаскелік мастері, Байқоңыр қаласы;

03.08.1984 - 20.08.1986 - «Ачполиметалл» комбинаты, Ачисай руднигі тұрмыстық қызмет басқармасының ағаш ұстасы, Кентау қаласы;

21.08.1986 - 25.07.1988 - «Ачполиметалл» комбинаты, Ачисай руднигі комсомол комитетінің хатшысы, Кентау қаласы;

25.07.1988 - 15.04.1992 - «Ачполиметалл» комбинаты, комсомол комитетінің хатшысы, Кентау қаласы;

17.04.1992 - 18.05.1992 - Кентау қаласы әкімшілігі жастар ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, Кентау қаласы;

18.05.1992 - 18.09.1998 - Кентау қаласы әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Кентау қаласы;

18.09.1998 - 06.04.1999 - Кентау қаласы әкімшілігі ақпарат және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Кентау қаласы;

03.05.1999 - 13.01.2000 - «Бизнес-орталығы» ЖАҚ вице-президенті, Кентау қаласы;

13.01.2000 - 29.11.2002 - «Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры, Кентау қаласы;

02.12.2002 - 05.01.2005 - Байылдыр елді мекенінің әкімі, Кентау қаласы;

02.02.2005 - 06.11.2006 - Кентау қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы, Кентау қаласы;

06.11.2006 - 08.01.2009 - Кентау қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі, Кентау қаласы;

08.01.2009 - 21.02.2013 - Кентау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Кентау қаласы;

21.02.2013 - 06.08.2013 - Байылдыр ауылының әкімі, Кентау қаласы;

23.09.2013 - 08.01.2014 - Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы (міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін), Кентау қаласы;

08.01.2014 - 21.02.2014 - Кентау қалалық тұрғын үй инспекция бөлімі бас маманының міндетін атқарушы (міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін), Кентау қаласы;

21.02.2014 - 27.03.2014 - Кентау қалалық тұрғын үй инспекция бөлімінің бас маманы, Кентау қаласы;

27.03.2014 - 24.09.2019 - Кентау қалалық тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы, Кентау қаласы;

24.09.2019 - бүгінгі күнге дейін - Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Кентау қаласы.

 

 

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің 2019 жылдың 9 айында атқарған  жұмыстары  туралы

МӘЛІМЕТ

 

          Қалалық ішкі саясат бөлімі ақпараттық-насихаттық топ, қала әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңес, мемлекеттік рәміздер бойынша, қаладағы көрнекі үгіт-насихат құралдарын орнату, терроризмге қарсы комиссиялармен бірлесіп 2019 жылдың 9 айында төмендегідей жұмыстар  атқарылды.

                                 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша «Туған жер» бағдарламасының 4 кіші жобасы аясында 2019 жылы қала деңгейінде өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілді, көрсетілген мерзімдеріне сәйкес іс-шаралар өткізілуде.

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында 4 бағдарлама бойынша түрлі форматтағы 407  іс-шара өтіп, 13 740  қала, ауыл тұрғындары қатысқан.

            «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларының желілік кестесі әзірленіп, бекітілген кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Атамекен» бағдарламасы бойынша - 46 іс-шара, «Рухани қазына» бойынша - 188 іс-шара, «Тәрбие және білім» бойынша – 173  іс-шара өткізілді.

            Өткізілген ауқымды іс-шаралар тұрақты түрде электронды және баспа БАҚ беттерінде жарияланып келеді.

                 «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында 2019 жылдың 9 айында ұйымдастырылған барлық іс-шаралар жергілікті БАҚ-да жариялануда. «Кентау шұғыласы-Кентау», «Қаратау тәжі» және «Ғасыр» газеттерінен «Рухани жаңғыру» логотипімен арнайы айдарлар ашылып, қалалық газеттерде 69 мақала, Facebook әлеуметтік желіcінің Кентау ішкі саясат бөлімі және Рухани жаңғыру Кентау парақшаларында рубика-10, бейнероликтер-43, Салт-дәстүрді ұстанатын үлгілі отбасылар туралы шыққан материалдар саны-16, блогерлер,белсенді жастар арасында өткізілген кездесулер саны-9, Түркістан облысында түсірілген көркем және анимациялық фильмдерді қала және ауылдарда көрсетілімін ұйымдастыру-18 жалпы саны - 387 материалдар жарияланып, облыстық «Рухани жаңғыру- Түркістан» парақшасымен тұрақты түрде бөлісіп отыр.

Жергілікті телеарналарда 15 сюжет көрсетілді. Республикалық және облыстық БАҚ-да 5 арнайы сюжеттермен мақалалар жарық көрді.

         Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын насихаттау мақсатында 15 билборд пен 2 тартпа орталық көшелерге ілініп,  оқу орындарында 117 көрнекіліктер орналастырылды.

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралар облыстық өңірлік жобалық офисіне тұрақты түрде әр аптаның бейсенбісінде жолданып отыр.

 

Кентау қаласындағы үкіметтік емес ұйымдарымен  бірлесіп атқарылған жұмыстар

        

Кентау қаласында 28 қоғамдық бірлестік, 8 қор (2018 жылы 25 қоғамдық бірлестік, 7 қор) тіркелген. Сонымен қатар, 5 этно ұлттық мәдени орталықтар жұмыс жасауда.

          2019 жылдың 31 наурызына дейін 2018 жылға өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына 33 үкіметтік емес ұйым (26 қоғамдық бірлестік, 7 қор) тапсырды. Дерекқор тапсырмаған үкіметтік емес ұйым жоқ. 

      2019 жылы үкіметтік емес ұйым, ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әжелер алқасының қатысуымен 20 іс-шара  өтті.

     Атқарылған іс-шаралар жөнінде материалдар жергілікті  басылымдарда 33 материал жарияланды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша мәлімет

 

          2019 жылға «Аға буынның өнегелік істерін насихаттау, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты дамыту бағытында жұмыстар жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру»  қызметіне  500,0 мың теңге қаржы қаралды. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік конкурс тәсілімен «Мәңгілік ел» қоғамдық бірлестігі 400,0 мың теңге қаржыға жеңімпаз атанды.

         2019 жылға «Отбасы институтын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы қарым-қатынастарында гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша іс-шаралар  ұйымдастыру»   қызметіне 462,0 мың теңге қаржы қаралды. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік конкурс тәсілімен «Мәңгілік ел» қоғамдық бірлестігі 400,0 мың теңге қаржыға жеңімпаз атанды.

          2019 жылға «Ел бірлігін қамтамасыз ету, ұлттар мен ұлыстар татулығы» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастыру» қызметіне 804 мың теңге  қаржы қаралды. ҚР  «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік конкурс тәсілімен «Baglan Group» қоғамдық қоры 715 мың теңге қаржыға жеңімпаз атанды.

 

  

Қала әкімінің жанындағы  әйелдер істері  және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысы туралы мәлімет

   

          Қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары жасалынып, қала әкімінің орынбасары С.Расұлмен бекітілді.

Жыл басынан бері 3 рет қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аналар кеңесі 5 рет өтті. Аналар кеңесі отырыстарында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктері түсіндіріліп, аналар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті сала мамандары жауап берді.  

         Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік саясат, қыз тәрбиесі, отбасы құндылығын насихаттау мақсатында 48 матерал  жарияланды.

Кентау қаласында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар

 

Кентау қаласы бойынша республикалық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 46 мешіт филиалы-мешіттер, жергілікті діни бірлестік ретінде тіркелген  2 христиандық бағыттағы діни бірлестік (православтық - 1, елуіншілер - 1)  жұмыс жасауда.  

         Бүгінгі таңда Кентау қаласы бойынша «сәләфилік» бағыттағы деструктивті діни ағым жақтастарының  саны – 30. 

Қалада діни ахуал тұрақты. Деструктивті ағымның тізімінде тұрған азаматтармен  облыстық «Дін мәселелерін зерттеу  орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің теологы Қайрат Салықбаев Кентау қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің дінтанушы маманы Хурсанд Камаловпен бірлесе жыл басынан бері  132 жеке кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

          2019 жылы 3 рет қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырыстары өтті.

         Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жалпы 76 кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

         2019 жылға жоғарғы білікті теологтардың деструктивті ағымдағы

азаматтармен кездесуге 834,0 мың тг қаржы қаралды. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік конкурс тәсілімен «Жалын» қоғамдық бірлестігі 620,0 мың теңге қаржыға жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар өткізілуде.

2019 жылға кереғар діни ағымдардың алдын алу, діни толеранттылықты насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, жергілікті басылымдарда дін саласындағы ақпараттық сүйемелдеу «18-қазан Рухани келісім күніне орай» дөңгелек үстел ұйымдастыру  іс-шараларына  3,944,0 мың тг  қаржы қаралды. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік конкурс тәсілімен «Сарай Берке» қоғамдық бірлестігі 2400,0 мың теңге қаржыға жеңімпаз атанды.

         Кентау қаласының 5 тұрғыны Түркия мемлекетінде діни білім алуда.           Олар 1) Туркия мемлекетіндегі Стамбұл қаласындағы Фатих институты араб тілі факультетінің студенті. 2) Түркия елі, Кония қаласындағы «Нежметтин Ербакан» университеті араб тілі грамматикасы факультетінің студенті. 3)  Түркия мемлекеті Кония қаласындағы «Хасеки» институтының студенті. 4) Түркия мемлекеті Измир қаласында «ЭГЕ» университетіндегі гуманитарлық ғылымдар институтына қарасты факультеттің түрік тілі кафедрасының магистранты.  5) Түркия мемлекетінде білім алуда. 

      Түркия мемлекетіндегі аталған оқу орындары Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұсынған шетелдік теологиялық оқу орындары болып табылады.

       Соның бір дәлелі, 1 азамат Түркия мемлекеті Кония қаласындағы «Хасеки»  институтында теологиялық білім алып, биыл елге оралып, бүгінгі таңда Кентау қаласындағы «Балаби Қари» медресесінде ұстаз болып қызмет атқаруда.

          Шетелде білім алушы азаматтардың туыстарымен түсіндіру жұмыстары, әңгімелесулер тұрақты жүргізілуде. Жоғарыда аталған 5 студенттің 4-уі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жолдамасымен, 1-уі өз еркімен Түркия мемлекетіне оқуға барған. Олар Ислам дінінің дәстүрлі бағытын ұстанады.

         Жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау және құқық бұзушылық, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өткен 76 кездесулерде мектеп оқушылары мен колледж студенттері мен олардың, ата-аналарына діни білімді шетелде емес Қазақстанның жоғары оқу орындарында алу бойынша ұсыныстар айтылды.  

          Шетелде соның ішінде Сауд Араб елі, Медина қаласында діни білім алуға ниеттенген 1 азамат Қарашық ауыл округінде тұрады. Ол жігітті анықтап, теологтар жеке кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

       «Жусан» операциялары аясында кентаулық азаматтар тіркелмеді.

         Дін тақырыптарында 7 билборд орналастырылды.

        Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында дін тақырыбында жалпы 37 мақала жарық көрді.          «Тұран-Түркістан» телеарнасы арқылы дін саласы бойынша бейнеролик және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткен іс-шаралар туралы бейнесюжеттер тұрақты көрсетілуде.

         Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралардың өткендігі жөніндегі материалдар, сонымен қатар облыстық дін істері басқармасы ұсынған бейнероликтер «facebook» әлеуметтік желісінің «Кентау ішкі саясат» парақшасында тұрақты  жариялануда.  

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері бойынша

 

         Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі 2019 жылдың қаңтар және шілде айларында Кентау қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округ әкімі аппараттары мен мектеп, балабақша ғимараттарында мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуына, көрнекілік құралдарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

         04 маусым күні-ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында автокеруен іс-шарасы ұйымдастырылды. Автокеренге дербес бөлдімдер, ауыл әкімдіктері және арнаулы оқу орындары қатысты. Сонымен қатар, Яссауи даңғылының бойындағы Мемлекеттік ту тұғырының алдында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары С.Расұл, жергілікті орган басшылары, ауыл әкімдіктері, ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

         Сейфуллин көшесінің бойына 3*6 көлемінде «4 маусым-Қазақстан Республикасының Рәміздер күні»  тақырыбында билборд орналастырылды.

          

Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша мәлімет

 

2019 жылы республикалық, облыстық БАҚ-та Кентау қаласы туралы 51 мақала жарияланды. «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «Айғақ» телеарналарынан 70 жағымды сюжет 2 тілде көрсетілді. 54  мақала облыстық БАҚ-та жарияланды. 35 материал республикалық, облыстық сайттарда жарияланды. Республикалық, облыстық БАҚ-та Кентау қаласына қатысты жарық көрген 13 сыни материал жарық көрді.

Сонымен қатар ішкі саясат бөлімі тарапынан жылына 1 рет  БАҚ-қа  жазылу жұмыстары жүргізілді.

 

Кіру немесеТіркелу