Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Ауыл шаруашылығы

osh1.jpg

Кудяров Даулетбек Асилханович

Кентау қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Туылған күні, айы, жылы: 15.10.1977 ж.

Ұлты:  Қазақ

Білімі:   Жоғары

Мамандығы:   1) Құқықтану. Заңгер 2) Мемлекеттік және жергілікті басқару. Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

10.02.2000 – 30.03.2001 - Сайрам аудандық прокурорының статистика және мәліметті сараптау жөніндегі аға көмекшісінің міндетін атқарушысы (арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн), Сайрам ауданы;

05.11.2003 - 27.12.2004 - “Нұр” қоғамдық бірлестігінің заңгері, Түркістан қаласы;

29.12.2004 - 10.01.2005 - Бабайқорған ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы (арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн), Түркістан қаласы;

25.05.2005 - 19.08.2005 - Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі меңгерушісі орынбасарының міндетін атқарушысы (арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн), Түркістан қаласы;

19.08.2005 - 26.07.2007 - Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары,  Түркістан қаласы;

25.06.2007 - 21.04.2010 - Түркістан қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қаласы;

21.04.2010 - 03.03.2011 - Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қаласы;

03.03.2011 - 12.11.2012 - Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі, Түркістан қаласы;

12.11.2012 - 06.08.2013 - Түркістан қаласы әкімдігінің Иассы ауылдық округінің әкімі, Түркістан қаласы;

06.08.2013 - 06.12.2013 - Түркістан қаласы әкімдігінің Иассы ауылдық округі  әкімінің міндетін атқарушысы (арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн),  Түркістан қаласы;

06.12.2013 - 10.08.2017 - Түркістан қаласы әкімдігінің Иассы ауылдық округінің әкімі, Түркістан қаласы;

10.08.2017 - 08.06.2018 - Түркістан қаласы әкімдігінің Иассы ауылдық округі  әкімінің міндетін атқарушысы (арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн),  Түркістан қаласы;

08.06.2018 - 24.09.2018 - Иассы ауылдық округінің әкімі, Түркістан қаласы;

24.09.2018 - 15.10.2019 - Иассы ауылдық округінің әкімі, Кентау қаласы;

15.10.2019 - бүгінгі күнге дейін - Кентау қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Кентау қаласы.

 

fdfd4334r.JPG

Слайд2.JPG

Слайд5.JPG

Слайд13.JPG

Слайд12.JPG

Слайд11.JPG

Слайд10.JPG

Слайд9.JPG

Слайд8.JPG

Слайд7.JPG

Слайд6.JPG

Слайд4.JPG

Слайд3.JPG

Слайд14.JPG

 

 

Кентау қаласы бойынша ауыл шаруашылығы  саласында  

2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың барысы туралы мәлімет

 

        Қала  бойынша  ауыл  шаруашылығы  саласында  жалпы  өнім  көлемі 10 айдың  қорытындысымен  53 739,4 млн.теңгені  құрап, нақты көлем индексі 102% құрады.      

Оның ішінде:

мал  шаруашылығы –  17 078,8 млн. теңге,     НКИ 103,2%

        өсімдік  шаруашылығы – 36 391,0 млн.теңге,   НКИ 101,3%

 Өндірілген  ет (тірідей салмақта) – 15 650,8 тонна,  89,9% құрады.

 Сауылған сиыр сүті  60 605 тонна, 91,8% құрады. 

      Жұмыртқа 11 587 мың дана, 114,7%.құрады.

        Кентау қаласы бойынша 2019 жылы 45 755 гектар жерге ауыл шаруашылығы  дақылдары  егіледі деп  жоспарланып, бүгінгі  таңға  47 630,9 га жерге  ауылшаруашылығы  дақылдары егілді. Орындалуы  101,1%.

        Ауыл шаруашылығының  негізгі  капиталына  тартылған  инвестициялар: Кентау қаласы бойынша Ауыл шаруашылығының  негізгі  капиталына  инвестициялар тарту  жоспар  4500,0  млн.теңге.  Орындалғаны  3123,9 млн.теңге  орындалуы  69,4%.

        Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту: 2019 жылға суармалы  жерлердің  көлемін  ұлғайту жоспары  600 га. болса, бүгінгі таңға орындалуы  1341,2 га   -  206,3%.

        Тамшылатып суғару: 1400 га жерге тамшылатып суғару әдісін енгізу жоспарланып, 1500 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілді.Тапсырма 107,1% орындалды.

        Қарқынды    жеміс –жидек  бау шаруашылығы ағымдағы жылы 246 га  қарқынды бау  отырғызылды.

        Жүзім шаруашылығын дамыту:  Жүзім шаруашылығы дамытуда  қала бойынша 80 га жерге егу жоспарланып, 81,1 га жерге жүзімдік отырғызылды. Тапсырма  101,4 % орындалды

        Жылыжай құру: 22 га жерге жылыжай салу жоспарланып, бүгінгі таңға 22,26 га жерге   жылыжайлар  орнатылды. Тапсырма 101,2 ,%орындалды.

        Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау: Ағымдағы жылы 122 техниканы жаңалау тапсырылса, 10 айдың қорытындысымен 122 техникалар жаңаланып, тапсырма 100% орындалды.

        Мал шаруашылығы:

        Мал басы:  Бүгінгі күнге ІҚМ- 101261 бас,өткен жылмен салыстырғанда  104,6%, Уақ мал- 518 445 бас, өткен жылмен салыстырғанда  111,4%,  Жылқы -15968 бас, өткен жылмен салыстырғанда  106,5%,  Түйе -2598 бас, өткен жылмен салыстырғанда  103,9%,  Құс -157 785 бас, өткен жылмен салыстырғанда  116,7% құрады.

        «Сыбаға» бағдарламасы бойынша:800 бас ІҚМ алу жоспарланып,«Сыбаға» бағдарламасы бойынша  асыл  тұқымды 2349,0  бас   ірі  қара  мал  алынды.  Тапсырма 293,6% орындалды.

        «Алтын асық» бағдарламасы бойынша: 4340 бас саулық қой алу жоспарланып, 6855  бас  аналық  алынды. Тапсырма 157,9% орындалды.

        «Құлан» бағдарламасы бойынша:  107 бас жылқы алу жоспарланып, 151 бас  жылқы   алынды. Тапсырма 141,1% орындалды.

        Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді мал басының үлесі   Ағымдағы жылға жоспар - 15%. Жалпы тапсырма   қала бойынша  84,7% орындалды.

        Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ұсақ  мал басының үлесі  жоспар- 33,7% . Жалпы тапсырма   қала бойынша  79,8% орындалды.

        Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мал үлесі Ағымдағы жылға жоспар  57,0 %.  Жалпы тапсырма   қала бойынша 136,8 % орындалды.

        Тұқымды өзгерістерге қатысатын ұсақ  мал үлесі. Жоспар - 40,0 %.  Жалпы тапсырма   қала бойынша 130% орындалды.

        Шағын мал бордақылау алаңдарын ашу:  33 бірлік шағын мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланған, бүгінгі таңға  43 мал бордақылау алаңдары ашылды. Тапсырма 130,3% орындалды.

        Жанұялық сүт фермаларынашу: 27 бірлік жанұялық сүт аулаларын құру жоспарланып, 35 бірлік жанұялық сүт аулалары іске қосылды. Тапсырма 129,6% орындалды.

        100 бастық    жаңа  сүт фермасын салу:  1 бірлік 100 бастық жаңа  сүт фермасын салу  жоспарланып,1  бірлік  жоспар   100% орындалды.

        Шағын құс фермаларын салу:  1 бірлік салу  жоспарланып,  1  бірлік  шағын құс  фермасы салынды, жоспар   100% орындалды.

        Цифрлық  Қазақстан  барлық  жайылым  329764  га  жайылым  жерлерді  енгізу:    Орындалуы  15521,6 га  - 4,7 пайыз. Бүгінгі таңға жерлерді цифрландыру тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиналыстың нәтижесінде Түркістан қаласынан Кентау қаласына өткен 12 ауылдық округтің суармалы жерлерді цифрландыру мәселесі оңтайлы шешімін табуда. Нақтырақ айтқанда 4000-ға жуық шаруа қожалықтарының жерлерін цифрландыру бойынша мемлекеттік актілері Кентау қаласына көшіріліп, кадастрлық номерлері ауыстырылып, Qoldau.kz веб порталында белсенді болып көрінеді. Ауыл шаруашылығы жерлері Qoldau.kz веб порталында  белсенді болып тұрған жағдайда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді толыққанды пайдалана алады.

 

 

 

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытта атқарылған жұмыстар мен    

       орын алып отырған өзекті мәселелер туралы.

 

Кентау қаласы бойынша агроөнеркәсіп кешенін  дамыту және мемлекеттік қолдау бағдарламасын жүзеге асыруға, 12 ауылдық округ пен 4 ауыл және ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жердің көлемі 394 002 мың га болса, оның ішінде 47 031 мың га суармалы және 329 764 мың га жайылым жерде, 79 заңды тұлғалар мен 5936 шаруа қожалықтар  жұмыс атқаруда.

Түркістан облысы әкімінің 2018 жылғы 16 қарашадағы  № 11 қаулысының 2 - қосымшасына сәйкес, Түркістан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау нормасы, яғни (лизингке техникалық көліктерді алуға, селитра, пестицид, гербицид, мал шаруашылығы және т.б.). Мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннаға арналған субсидия құны 12 000 теңгемен бекітілген.

Мысалы, Кентау қаласы бойынша 2019 жылы 12 200 га мақта егіліп, жоспар 1 га 30 ц/га өнім алу арқылы 36 600 тн мақта алуды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттен бекітіліп, берілетін субсидия 1 тоннаға 12 000 теңге болса, 439,2 млн. теңге  шаруаларға тиесілі екен.

2019 жылы  9 ай қорытындысымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына сәйкес  «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен АТЖ порталы арқылы 156 өтінімдер тіркеліп, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар бойынша  - 206,0 млн. теңгеге субсидия құжаттары Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына жолданды.

2019 жылы  9 ай қорытындысымен  «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына сәйкес «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Кентау қалалық филиалы арқылы «Азим ата»  ШҚ, «Темир ата»  ШҚ, «Ирисбай»  ШҚ, «Тұран»  ШҚ,  «Бахыт» ШҚ, «Абдураим ота» ШҚ-нан 6 өтінімі тіркеліп – 37,0 млн. теңгеге субсидия құжаттары Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына жолданып, бүгінгі таңға субсидияланды.

12 ауылдық округтер Түркістан қаласына қараған кезде, жер кадастрлық № 19-307 болатын, ал Кентау қаласының жер кадастрлық № 19-304.

Алайда, www.qoldau.kz электронды базасына жоғарыдағы 45 900 га суармалы жердің ағымдағы жылдың 9 айында 9484,4 га жер енгізіліп, 20,7 %-ға орындалып тұрса, 329 764 га жайылым жердің 12 813,3 га жері электронды базаға еніп 3,9 %-ды құрап отыр.

Түркістан қаласынан өткізілген 5554 шаруа қожалықтың 67 % Кеңес үкіметі таратылғаннан кейін берілген мемлекеттік актіні құрайды, яғни ол 3721 шаруа қожалығы. Осы жер актілері электронды базасында белсенді (активный) бола алмай тұр. Сол себепті шұғыл түрде шаруа қожалықтардың ескі мемлекеттік актісін жаңа форматқа ауыстыру қажет. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін шаруалардан қомақты қаражат пен құзырлы мекемеден ауқымды уақытты талап етіп отыр.

Сонымен қатар, Түркістан облысының құрылуымен, Түркістан қаласының облыс орталығына айналуына байланысты, қаланың бас жоспары бекітілу үстінде. Түркістан қаласы аумағын қоршап тұрған Иассы, Шаға, Оранғай, Қарашық, Үшқайық ауылдық округтердің шаруа қожалықтары мемлекеттік жер актісін қайта рәсімдеуге уақыт пен қайта қайта шығындалуға келіспей отыр. 

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысына сәйкес «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы баяу жүріп жатыр.

Жоғарыдағы мәселеге байланысты арнайы ауылдық округ және ауыл әкімдері мен ауыл шаруашылығы мамандары, фермерлер одағының төрағасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы, Кентау қалалық бөлімінің басшысының қатысуымен мәжілістер ұйымдастырылды.

Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін қолдау сұрап Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ. Тәжібаевқа 1 рет және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес АҚ Түркістан облысының директоры Е.Ж. Жеңісбекке 6 рет хат жолданғанымен жоғары атқарушы мен құзырлы мекемеден оң шешімін таппай отыр.        

 

 

Кентау қалалық ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы                                                                                Д. Құдияров

 

 

Кіру немесеТіркелу