Мы в социальных сетях:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, Кентау қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру комиссиясының құжаттарды алдын-ала қарау отырысының ХАТТАМАСЫ (22.07.2020)

Кентау қаласы                                   №1                          «22» шілде 2020 жыл

  1. Комиссия құрамы: Б.Жумабаев – комиссия төрағасы, З.Отызбаева-комиссия хатшысы, мүшелер: З.Ердесова – Кентау қалалық білім бөлімінің бас есепшісі, Т.Асанов – Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы, М.Садуов – «Атамекен» ҰКП-сы төрағасы, Ж.Маймаков - қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, А.Розибаев – қалалық мәслихат депутаты.

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру комиссиясының құжаттарды алдын-ала қарау отырысына қатысқандар: Б.Жумабаев – комиссия төрағасы, З.Отызбаева-комиссия хатшысы, мүшелер: З.Ердесова – Кентау қалалық білім бөлімінің бас есепшісі, Т.Асанов – Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы, М.Садуов – «Атамекен» ҰКП-сы төрағасы, Ж.Маймаков - қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, А.Розибаев – қалалық мәслихат депутаты.

Кентау қалалық білім бөлімі тарапынан 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 25 маусымында Кентау қаласы әкімдігінің ресми сайтында Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда 620 жаңа орынға мектепке дейінгі білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурстық хабарлама жарияланды.

Бүгінгі таңға Кентау қаласы бойынша балабақшаға қамтуды қажет ететін 2000 жуық бала бар.

Жарияланған хабарландыруға сәйкес 3 жекеменшік балабақшадан конкурсқа қатысуға өтінім беріліп, құжаттар тапсырылған. Атап айтсақ,

  • Кентау қаласы, «Шұғыла» шағын ауданы, 2-көше, №107 мекенжайдан 300 жаңа орынға «Дин – Асыл-2» бөбекжай балабақшасы ЖШС-гі;
  • Кентау қаласы, Ащысай ауылы, Құлымбетов көшесі, 1-құрылыс мекенжайдан 150 жаңа орынға «Сәуле» бөбекжай балабақшасы ЖШС-гі;
  • Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Хамза көшесі, №18 А мекенжайдан 170 жаңа орындарға «1 AQBOTA» бөбекжай балабақшасы» ЖШС-гі.

Аталған балабақшалардың құжаттары, түптелген, беттелген, мекеме мөрімен, құрылтайшы қолымен бекітілген.

Тапсырылған құжаттар тізімі төмендегідей:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

      2) заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеу туралы анықтама көшірмесі, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысы, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама, салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

       4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

      5) тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарт;

       6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана білім бөлімінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі (Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысаны);

      7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

            Комиссия мүшесі З.Ердесова: Құжаттарды қарап шықтық, құжаттар ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 бұйрығына сәйкес ұсынылған.

            Комиссия төрағасы Б.Жумабаев: Ұсынылған құжаттарды қарап шықсаңыздар, аталған 3 балабақшаның құжаттары осы комиссияның алдын ала құжаттарды қарау отырысының хаттамасы Кентау қаласы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын. Дауысқа саламыз.

ШЕШІМ ЕТТІ: Алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі 2020 жылдың «29» шілде өткізілсін.

Б.Жумабаев –комиссия төрағасы                        ___________________

З.Отызбаева –комиссия хатшысы                       ___________________

Комиссия мүшелері:

З.Ердесова                                                        ___________________

Т.Асанов                                                           ___________________  

М.Садуов                                                          ___________________

Ж.Маймаков                                                    ___________________

А.Розибаев                                                       ___________________

 

Войти или Зарегистрироваться