Мы в социальных сетях:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, Кентау қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру комиссиясының құжаттарды алдын-ала қарау отырысының хаттамасына сәйкес комиссия отырысының

Кентау қаласы                                   №2                      «29» шілде 2020 жыл

  1. Комиссия құрамы: Б.Жумабаев – комиссия төрағасы, З.Отызбаева-комиссия хатшысы, мүшелер: З.Ердесова – Кентау қалалық білім бөлімінің бас есепшісі, Т.Асанов – Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы, М.Садуов – «Атамекен» ҰКП-сы төрағасы, Ж.Маймаков - қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, А.Розибаев – қалалық мәслихат депутаты.

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру комиссиясының құжаттарды алдын-ала қарау отырысының хаттамасына сәйкес комиссия отырысына қатысқандар: Б.Жумабаев – комиссия төрағасы, З.Отызбаева-комиссия хатшысы, мүшелер: З.Ердесова – Кентау қалалық білім бөлімінің бас есепшісі, Т.Асанов – Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы, М.Садуов – «Атамекен» ҰКП-сы төрағасы, Ж.Маймаков - қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, А.Розибаев – қалалық мәслихат депутаты.

Кентау қалалық білім бөлімі тарапынан 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 25 маусымында Кентау қаласы әкімдігінің ресми сайтында Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда 620 жаңа орынға мектепке дейінгі білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурстық хабарлама жарияланды.

Бүгінгі таңға Кентау қаласы бойынша балабақшаға қамтуды қажет ететін 2000 жуық бала бар.

Жарияланған хабарландыруға сәйкес 3 жекеменшік балабақшадан конкурсқа қатысуға өтінім беріліп, құжаттар тапсырылған. Атап айтсақ,

  • Кентау қаласы, «Шұғыла» шағын ауданы, 2-көше, №107 мекенжайдан 300 жаңа орынға «Дин – Асыл-2» бөбекжай балабақшасы ЖШС-гі;
  • Кентау қаласы, Ащысай ауылы, Құлымбетов көшесі, 1-құрылыс мекенжайдан 150 жаңа орынға «Сәуле» бөбекжай балабақшасы ЖШС-гі;
  • Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Хамза көшесі, №18 А мекенжайдан 170 жаңа орындарға «1 AQBOTA» бөбекжай балабақшасы» ЖШС-гі.

Аталған балабақшалардың құжаттары, түптелген, беттелген, мекеме мөрімен, құрылтайшы қолымен бекітілген.

2020 жылдың «29» шілде  өткізілген мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру комиссиясының құжаттарды алдын-ала қарау отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар:

  • Кентау қаласы, «Шұғыла» шағын ауданы, 2-көше, №107 мекенжайдан 300 жаңа орынға «Дин – Асыл-2» бөбекжай балабақшасы ЖШС-гі;
  • Кентау қаласы, Ащысай ауылы, Құлымбетов көшесі, 1-құрылыс мекенжайдан 150 жаңа орынға «Сәуле» бөбекжай балабақшасы ЖШС-гі;
  • Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Хамза көшесі, №18 А мекенжайдан 170 жаңа орындарға «1 AQBOTA» бөбекжай балабақшасы» ЖШС-гі Кентау қалалық білім бөлімі бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілсін.

Б.Жумабаев –комиссия төрағасы                        ___________________

З.Отызбаева –комиссия хатшысы                       ___________________

Комиссия мүшелері:

З.Ердесова                                                        ___________________

Т.Асанов                                                           ___________________  

М.Садуов                                                          ___________________

Ж.Маймаков                                                    ___________________

А.Розибаев                                                       ___________________

Войти или Зарегистрироваться