Мы в социальных сетях:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тиімділігі

Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында мемлекеттік қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді.
Қазіргі таңда елімізде халыққа көрсетілетін 746 қызметтің ішінен әлеуметтік маңызды қызметтерді барынша электронды түрде алуға барлық жағдай туып отыр.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді алу барынша автоматтандырылған, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе.
Еліміздің әрбір азаматы «Электронды үкімет» веб-порталына «пайдаланушы кабинетін» ашу арқылы тіркеле отырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық қызметті алу мүмкіндігіне ие болады.
«Пайдаланушы кабинеті» - бұл халықтың қызмет алу үшін өтініштерін электронды нысанда оны қарайтын субъектілерге жүгінуі, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара ресми ақпараттық іс-қимыл жасауға арналған құралы.
Бұл өз кезегінде, қазіргі заманның технологияның қарыштап дамыған, жаппай цифрландыруға бет бұру тұсында әрбір азаматқа өзіне берілген мүмкіндіктер аясын кеңейтуіне жол ашады.

Осыған орай, Кентау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен көрсетілетін «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлкеттік қызмет түрлерін "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz, e.license) арқылы алуларыңызға толықтай мүмкіндіктеріңіз бар екенін мәлімедеймін.

Войти или Зарегистрироваться