Мы в социальных сетях:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Отдел культуры и развития языков

ХАТТАМАСЫ 03.10.2018

Кентау қалалық мәслихатының әкімшілік-аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Өткен орны:                                                     Кентау қаласы, қалалық 

                                                                           экономика және қаржы бөлімінің

                                                                           мәжіліс залы       

Өткен уақыты:                                                 1 қазан  2018 жыл, сағат 16:00

                                                                               

Қатысқандар: 77

Қолдағандар: 77, қолдамаған: 0

Комиссия төрағасы: Қалалық мәслихат депутаты Т.Садуов

Қатысушылар: Қала әкімінің орынбасары С.Расұл, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Байболова, қалалық мәслихат депутаттары.                           

                                       

                                                      КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Кентау қаласының 1-қосымшаға сәйкес кейбір көшелеріне және 2-қосымшаға сәйкес шағын аудандарына атау беру жөніндегі ұсыныстарды қарау туралы.

         

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия төрағасы Т.Садуов хабарлама жасады.     

Т.Балабиев:Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Кентау қаласының 1-қосымшаға сәйкес кейбір көшелеріне және 2-қосымшаға сәйкес шағын аудандарына атау беру жөнінде ұсыныс хат келіп түсті.

Жоғарыдағы аталған нормативтік құқықтық актілердің және ұсыныс хаттың негізінде тұрақты комиссиялардың көпшілік тыңдауын ұйымдастырылып отыр. Аталған мәселе бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Сөз қала әкімінің орынбасары С.Расұлға беріледі.

С.Расұл: Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Қалалық ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы топ қаладағы нөмірленген және өзгертуді қажет ететін, идеологиялық тұрғыдан ескірген 124 көшеге шығып аралау жұмыстарын жүргізіп, ұлы тұлғалардың атаулары берілетін көшелердің ұзындығы мен орналасқан жерінің маңыздылығы ескеріліп, нөмірленген және өзгертуді қажет ететін, идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді тарихи жер-су атауларына алмастыру жөнінде жұмыс жүргізді.

Сонымен қатар жұмысшы топ мүшелерімен бірлесе шағын аудандарға да атау беру және қайта атау туралы құжаттарды даярлап, тұрғындардың ұсынысын тыңдап халықтың пікірін ескере отырып талқыға салдық. Ұсыныстар 1-қосымша және 2-қосымшаға сәйкес алдарыңызда тұр. Берілген атаулар ұлттық құндылықтарымызға сай, дәстүрлі салт-санамызды айқындайтын, қаламызға еңбегі сіңген бірқатар тұлғалардың және тарихи тұлғалардың есімдері таңдалынып алынды. Қосымшалардағы көрсетілген ұсыныстарға оң қорытынды берулеріңізді сұраймын.

        Т.Садуов: Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

        Баяндамашының сөзін тыңдадық сұрақтарыңыз болмаса,  бүгінгі қаралып отырған ұсыныстар бойынша өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді білдіріп өтсеңіздер.

        И.Жұмабаев:Құрметті депутаттар, көпшілік тыңдауына қатысушылар!

        Мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде бүгінгі ұсынылып отырған атауларға өз келісімімді беремін.

Е.Аяшев: Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Ия, бүгінгі ұсынылып отырған атаулар көңілімнен шығып отыр, барлық атаулар тарихымыздан сыр шертетін, ұлттық танымдарға сәйкес келетін атаулар деп ойлаймын.

 М.Күнпейісов:Құрметті депутаттар, көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Атау беру мәселесінде барлығымыз мұқият болуымыз қажет. Ата-бабамыздың бізге мұра етіп қалдырған жеріне келелі, құнды атауларды жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында қаламыздағы атауы жоқ, идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерге, шағын аудандарға атау беру игі бастама деп ойлаймын.

Т.Балабиев:Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Тағы басқа ұсыныс пікірлеріңіз бар ма? Ұсыныс-пікірлеріңіз болмаса тиісті қаулы қабылдауымыз қажет. Сіздерді қаулымен таныстырып өтейін. Күн тәртібіне ұсынылған мәселені тыңдап, талқылай келе комиссия отырысы

        

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

  1. 1. Кентау қаласындағы 1-қосымшаға сәйкес 124 көшеге және 2-қосымшаға сәйкес 8 шағын ауданға атау беру туралы қала халқының пікірі бірауыздан мақұлдансын.
  2. 2. Көпшілік тыңдау бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі Кентау қаласы әкімдіген Заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, БАҚ-та жариялау, т.б) жүргізу үшін жолдансын.

 

Отырыс төрағасы:                                            Т.Садуов

 

Комиссия мүшелері,

Қалалық мәслихат депутаттары:                     М.Күнпейісов

                                                                             Е.Аяшев

                                                          

                                                                             Ғ.Андосов

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Кентау қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша енгізілетін ұсыныстар

 

 

  1. «Шұғыла» шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –  Нұртас Оңдасынов көшесі;

№ 2 көшені  –  Қазыбек би көшесі ;

№ 3 көшені  –  Әйтеке би көшесі;

№ 4 көшені  –  Әбілхайыр хан көшесі;

№ 5 көшені  –  Қарабура көшесі;

№ 6 көшені  –  Ыдырыс Тілеубергенов;

№ 7 көшені  –  Жұмабек Тәшенов көшесі;

  1. 2. 68-шағын ауданын бойынша:

№ 1 көшені  –  Кенші даңқы көшесі;

№ 2 көшені  –  Қаратау тәжі көшесі;

№ 3 көшені  –  Ордабасы көшесі;

№ 4 көшені  –  Әулиеата көшесі;

№ 5 көшені  –  Ұлы Дала көшесі;

№ 6 көшені  –  Шаматай Байжігітов көшесі;

№ 7 көшені  –  Жеңіс  көшесі;

№ 8 көшені  –  Шымкент көшесі;

№ 9 көшені  –  Ішкент көшесі;

№ 10 көшені  –  Отырар көшесі;

  1. 3. 69-шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –   Орбұлақ көшесі;

№ 2 көшені  –   Үшқоңыр көшесі;

№ 3 көшені  –   Сырдария көшесі;

№ 4 көшені  –   Бекарыс көшесі;

№ 5 көшені  –   Жанарыс көшесі;

№ 6 көшені  –   Ақарыс көшесі;

№ 7 көшені  –   Байжансай көшесі;

  1. 4. «Батыс» шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –  Рахманқұл Бердібаев көшесі;

№ 2 көшені  –  Әубәкір қары көшесі;

№ 3 көшені  –  Ақсүмбе көшесі;

№ 4 көшені  –  Жылаған ата көшесі;

  1. 5. 61-шағын аудан бойынша:

№ 1 көшені  –  Қаратөбе көшесі;

№ 2 көшені  –  Ғайып ата көшесі;

№ 3 көшені  –  Ақбикеш көшесі;

№ 4 көшені  –  Байқоңыр көшесі;

№ 5 көшені  –  Руханият көшесі;

№ 6 көшені  –  Баянауыл көшесі;

№ 7 көшені  –  Алтынқазық көшесі;

№ 8 көшені  –  Айсауыт көшесі;

№ 9 көшені  –  Сайрам көшесі;

№ 10 көшені  – Теріскей көшесі;

№ 11 көшені  –  Елқоныс көшесі;

  1. 6. 65-шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –  Мырзашөл көшесі;

№ 2 көшені  –  Қызылқұм көшесі;

№ 3 көшені  –  Самұрық көшесі;

  1. 7. 66-шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –  Ордалы көшесі;

№ 2 көшені  –  Ұлағат көшесі;

  1. 8. 74-шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –  Бес арыс көшесі;

№ 2 көшені  –  Жалаңтөс батыр көшесі;

№ 3 көшені  –  Бәйтерек көшесі;

№ 4 көшені  –  Тайбурыл көшесі;

№ 5 көшені  –  Мойынқұм көшесі;

№ 6 көшені  –  Тассарай көшесі;

№ 7 көшені  –  Сарайшық көшесі;

  1. 9. 78-шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –  Өркен көшесі;

№ 2 көшені  –  Молшылық көшесі;

  1. 10. 75-шағын ауданы бойынша:

№ 3 көшені  –   Жеті жарғы көшесі;

№ 4 көшені  –   Сығанақ көшесі;

№ 5 көшені  –   Күлтөбе көшесі;

№ 6 көшені  –   Төлеген Момбеков көшесі;

№ 7 көшені  –   Жеті қазына көшесі;

№ 8 көшені  –   Түйетас көшесі;

№ 9 көшені  –   Дәстүр көшесі;

№ 10 көшені  –  Көктерек көшесі;

№ 11 көшені  –  Зеңгіш баб көшесі;

№ 12 көшені  –  Таңшолпан көшесі;

  1. 11. «Болашақ» шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –   Райымбек Сейтметов көшесі;

№ 2 көшені  –   Насыр Фазылов көшесі;

№ 3 көшені  –   Адыл Якубов көшесі;

№ 4 көшені  –   Қасым Қайсенов көшесі;

№ 5 көшені  –   Исабеков Өтебай көшесі;

  1. 12. «Қаратау» шағын ауданы бойынша:

№ 1 көшені  –  Торғауыт көшесі;

№ 2 көшені  –  Ақсай көшесі;

№ 3 көшені  –  Ізгілік көшесі;

№ 4 көшені  –  Босаға көшесі;

№ 5 көшені  –  Гумер Миннибаев көшесі;

№ 6 көшені  –  Керей хан көшесі;

№ 7 көшені  –  Әз Жәнібек хан көшесі;

№ 8 көшені  –  Қазығұрт көшесі;

№ 9 көшені  –  Дарабоз көшесі;

  1. 13. «Шоқтас» саяжай кооперативі бойынша:

№ 1 көшені  –  Таңбалы тас көшесі;

№ 2 көшені  –  Қалыңсай көшесі;

№ 3 көшені  –  Иқан су көшесі;

№ 4 көшені  –  Ойық көшесі;

№ 5 көшені  –  Тасбұлақ көшесі;

№ 6 көшені  –  Талдыбұлақ көшесі;

№ 7 көшені  –  Жүзімдік көшесі;

№ 8 көшені  –  Береке көшесі;

№ 9 көшені  –  Ырысты көшесі;

№ 10 көшені  –  Қайнар бұлақ көшесі;

№ 11 көшені  –  Қарасу көшесі;

№ 12 көшені  –  Ақтас көшесі;

№ 13 көшені  –  Үшбұлақ көшесі;

№ 14 көшені  –  Көкбел ата көшесі;

№ 15 көшені  –  Жемісті көшесі;

№ 16 көшені  –  Аққайың көшесі;

№ 17 көшені  –  Қызылкөл көшесі;

№ 18 көшені  –  Балды су көшесі;

№ 19 көшені  –  Дауылпаз көшесі;

№ 20 көшені  –  Қарашық көшесі;

№ 21 көшені  –  Ұлыс көшесі;

  1. 14. Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар бойынша:

001 тұйық көшесін –  Қызыл Әулие тұйық көшесі;

Гаражная көшесін –   Оғызтау көшесі;

Геологическая-3 көшесін  –  Темірқазық көшесі;

Мельничная көшесін –  Диірменші көшесі;

Озерная көшесін –  Тоныкөк көшесі;

Пролетарская көшесін –  Күлтегін көшесі;

Чайкина көшесін –  Білге қаған көшесі;

Сельский көшесін –  Керегетас көшесі;

Физкультурный көшесін – Тұлпар көшесі;

Юбилейный көшесін –  Парасат көшесі;

Арычная көшесін  –  Ақбұлақ көшесі;

Овражная көшесін –  Мыңбұлақ көшесі;

С.Ходжанов көшесін  –  Сұлтанбек Қожанов көшесі;

  1. 15. Қайталанатын көше атаулары бойынша:

Бала бүргем 1 көшесін –  Тәуелсіздік көшесі;

Бейбарс көшесін –  Сейхұн көшесі;

Ерубаев тұйық көшесін –  Хиуаз Доспанова тұйық көшесі;

Сейфуллин тұйық көшесін  –  Мұрагер тұйық көшесі;

А.Байтұрсынов көшесін – Ырмақ көшесі;

Б.Момышұлы көшесін –  Бүргем көшесі;

Қ.Аманжолов көшесін –  Жерұйық көшесі;

Астана көшесін – Рақымжан Қошқарбаев көшесі;

Б.Момышұлы 2 тұйық көшесін –  Бала би тұйық көшесі;

С.Қожанов көшесі көшесін  – Алтын орда көшесі;

Н.Оңдасынов көшесін  – Талды су көшесі;

З.Қалауова көшесін  – Медеу көшесі;

Н.Оңдасынов  көшесін – Ақселеу Сейдімбек көшесі.

2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Кентау қаласының кейбір шағын аудандарына атау беру және қайта атау бойынша енгізілетін ұсыныстар

68 - шағын ауданын –  Сарыарқа шағын ауданы;

69 - шағын ауданын –  Ұлытау шағын ауданы;

61 - шағын ауданын –  Тұран шағын ауданы;

74 - шағын ауданын –  Жетісу шағын ауданы;

75 - шағын ауданын –  Атамекен шағын ауданы;

Оңтүстік Шығыс шағын ауданын –  Астана шағын ауданы;

Оңтүстік Батыс шағын ауданын –  Түркістан шағын ауданы;

15 - шағын ауданын –  Нұрлы жол шағын ауданы.

 

ХАТТАМАСЫ 26.03.2019

Кентау қалалық мәслихатының әкімшілік-аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

Өткен орны: Кентау қаласы, қалалық

әкімдіктің кіші мәжіліс залы

Өткен уақыты: 26 наурыз 2019 жыл, сағат 16:00

Қатысқандар: 77

Қолдағандар: 77, қолдамаған: 0

Комиссия төрағасы: Қалалық мәслихат депутаты И.Саменов

Қатысушылар: Қала әкімінің орынбасары С.Расұл, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Байболова, қалалық мәслихат депутаттары.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Кентау қаласы Шорнақ ауылдық округінің «32-Разъезд» елді мекенін «Қарсақты» елді мекені, Жібек жолы ауылдық округінің «30-Разъезд» елді мекенін «Ескі Сауран» елді мекені деп қайта атау туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия төрағасы И.Саменов хабарлама жасады.

Т.Балабиев:Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Кентау қаласы Шорнақ ауылдық округінің «32-Разъезд» елді мекенін «Қарсақты» елді мекені, Жібек жолы ауылдық округінің «30-Разъезд» елді мекенін «Ескі Сауран» елді мекені деп қайта атау туралы жөнінде ұсыныс хат келіп түсті.

Жоғарыдағы аталған нормативтік құқықтық актілердің және ұсыныс хаттың негізінде тұрақты комиссиялардың көпшілік тыңдауын ұйымдастырылып отыр. Аталған мәселе бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Сөз қала әкімінің орынбасары С.Расұлға беріледі.

С.Расұл: Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Қалалық ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы топ отырысында Кентау қаласы Шорнақ ауылдық округінің «32-Разъезд» елді мекенін «Қарсақты» елді мекені, Жібек жолы ауылдық округінің «30-Разъезд» елді мекенін «Ескі Сауран» елді мекені деп қайта атау туралы ұсыныс қарап мақұлданған болатын. Осыған орай көрсетілген ұсыныстарға оң қорытынды берулеріңізді сұраймын.

И.Саменов: Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Баяндамашының сөзін тыңдадық сұрақтарыңыз болмаса, бүгінгі қаралып отырған ұсыныстар бойынша өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді білдіріп өтсеңіздер.

И.Жұмабаев:Құрметті депутаттар, көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде бүгінгі ұсынылып отырған атауларға өз келісімімді беремін.

Т.Балабиев:Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Тағы басқа ұсыныс пікірлеріңіз бар ма? Ұсыныс-пікірлеріңіз болмаса тиісті қаулы қабылдауымыз қажет. Сіздерді қаулымен таныстырып өтейін. Күн тәртібіне ұсынылған мәселені тыңдап, талқылай келе комиссия отырысы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Кентау қаласы Шорнақ ауылдық округінің «32-Разъезд» елді мекенін «Қарсақты» елді мекені, Жібек жолы ауылдық округінің «30-Разъезд» елді мекенін «Ескі Сауран» елді мекені деп қайта атау туралы қала халқының пікірі бірауыздан мақұлдансын.
  2. Көпшілік тыңдау бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі Кентау қаласы әкімдіген Заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, БАҚ-та жариялау, т.б) жүргізу үшін жолдансын.

Отырыс төрағасы: И.Саменов

Комиссия мүшелері,

Қалалық мәслихат депутаттары: М.Күнпейісов

Е.Аяшев

Ғ.Андосов

 

Войти или Зарегистрироваться